ҒИМАРАТ, ИМАРАТ

lat: ǴIMARAT, IMARAT

(ар. ғимарат عمارت) ғимарат, үй.

Қасыңнан салып ғимарат , Қызыңыз, міне, саламат («Гүлнәр қыз». Бабалар сөзі. 21-том. 2005. 100 томдық).

Бір бұзылған ғимаратқа атын қойды, Өзлері бір қайыққа мініп алды («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).

Мың азаппен шыға жаздап жандары, Келіп қонды бір имарат шетіне («Әбуғалисина, Әбілхарис». Бабалар сөзі. 7-том. 2004. 100 томдық).